Халықаралық интеграция

Қазақстанның сыртқы істер министрі Астананың Сирия бойынша келіссөздер жүргізуге дайын екенін растады

ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Даулардың алдын алу және бейбітшілікті сақтап қалу» тақырыбына өткен ашық пікірталастарда сөз сөйлеп, Астанада сириялық реттеу жөніндегі келіссөздер үшін алаң беруге дайын екенін тағы растады. Бұл жөнінде ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Астана қаласы11 Қаңтар , 17:21

Министрдің орынбасарының айтуы бойынша, қазақстандық тарап алдын алу дипломатиясында, сенім шараларын ілгерілету мен нығайтуда, жаппай қырып-жою қаруын таратпауда, дауларды реттеуде және халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл жасауда бірлескен күш салудың маңызына пікірталасқа қатысушылардың назарын аудартты.

«Қазіргі уақытта барлығы жұмыс барысында, көп еңбекті талап ететін жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді Е. Ашықбаев.

Сондай-ақ, ол келіссөздер күнін белгілеу туралы айта келе, қазір жұмыстар өтініш білдірілген мерзім бойынша жүргізіліп жатқанын және Астанада Сирия бойынша келіссөздер 23 қаңтарға көзделгенін атап өтті.

«Біз қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз», - деп қорытты еліміздің сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары.

Қайрат Жандыбаев




Дерекнама

Яндекс.Метрика