Адами капитал

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған киім дизайнерлерінің конкурсын өткізу жоспарлануда - Худова

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған киім, аяқ киім үлгілерінің көрсетілімін өткізу, сондай-ақ дизайнерлер конкурсын өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында.
Астана қаласы11 Қаңтар , 19:53

«Қазақстан Республикасының Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы мүмкіндігі шектеулі жандардың мұқтаждығын өтейтін және олардың функционалдық мүмкіншіліктерін ескеретін киімдердің отандық өндірісін қарастырған  «Adaptive Clothing and Shoes» атты жобаны іске асыруға кірісті», - деді Л.Худова.

Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы киімдердің жаппай өндіру тәжірибесі Қазақстанда болған емес.

«Мүгедек арба пайдалануға мәжбүр жандар, церебральды сал ауруына шалдыққан балалар, Даун синдромына, ампутацияға шалдыған, бойы аласа, соқыр және көру қабілеті төмен адамдар, бастарынан радикалды мастэктомия өткен әйлдер, сондай-ақ қарт және уақытша қозғала алмайтын адамдар арнайы жасалған киімге мұқтаж», - деп қосты Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған демисезонды коллекция жұмсақ, эластикалы тоқыма матадан жасалған, бұйымдар жайлы, еркін қозғалуға қолайлы; Мүгедектің өзі немесе күтішу персоналға жеңіл киіндіру үшін бұйымдарда арнайы детальдар мен функционалдық түйшіктер қарастырылған. Бұйымдар ұлттық ою-өрнек, гүлдер, аң бейнеленген кестелермен безендірілген.

Ол қол қойылған меморандум шеңберінде, сондай-ақ, консультация, семинар, алқалы жиналыстар, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу қарастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған киімдерді құрастырудан дизайнерлер арасында конкурс өткізіледі.




Яндекс.Метрика