Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстанда 2016 жыл ішінде құрылыс материалдарының бағалары 1,7 пайызға өскен

Қазақстанда 2016 жыл ішінде құрылыс материалдары бағаларының өсуі 1,7 пайызды құрады, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Казахстан11 Қаңтар , 18:52

Өткен жылы құрылыс-монтаж жұмыстары бағасының индексі 104,6%, машиналар мен жабдықтарға – 103,4%, өзге де жұмыстар мен шығындарға – 105,8%-ды құрады.

Осы ретте өткен жылы құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және конструкциялардың бағасының өсімі 1,7% құрады.

2016 жылы табақты шынының бағасы 21%, жайма болаттың – 10,7%, шағылдың – 6,3%, бояулар мен эмальдардың – 6,1%, битумның – 3,2%, қиыршықтастың – 2,9%, линолеумның – 2,6%, ағаш материалдарының – 2,1%, портландцементтің – 1,5%-ға өсті.

Сонымен бірге, резина және пластмассадан жасалған бұйымдар 12,8%, ғаныш – 2,1%, кірпіш – 1,2%-ға, кабельдер мен тауарлы бетон – 0,9%-дан арзандады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика