Мәдениетті жаңғырту

Алматыда Универсиада кезінде этно-фестиваль өтеді

Алматыдағы «Алатау» театрында «Алатау алабында» этно-фестивалі ашылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы11 Қаңтар , 20:41

Алматы қалалық әкімдігі Қысқы Универсиада қарсаңында болатын мәдени шаралардың тізімін бекітті. 29 қаңтар - 8 ақпан аралығында қаладағы барлық мәдени орындарда шаралар өткізіледі.

 Алатау театрында «Жер жаннаты  Жетісу», «Інжу-Маржан», «Ағажай, Алтайдай жерқайда...» ұлттық музыкалық концерт өтеді. Қазақ мемлекеттік циркінде де спорт тақырыбындағы қойылымдар халықаралық спорттық шара біткенше жалғасады. Абай атындағы опера және балет театры мен Лермонтов атындағы Орыс драма театрында әлемге белгілі өнер туындыларының концерті өтеді.

Сондай-ақ, кітапханалар мен мұражайларда виртуалды слайд-саяхаттар, спорт жұлдыздарымен кездесу өтеді.

Сондай-ақ, 4 кезеңнен тұратын «Балалар әлемді біріктіреді», «Спорт әлемді біріктіреді», «Шығармашылық әлемді біріктіреді», «Универсиада сәттері» шеберлік сыныптары мен көрмелер Халық аренасы, Алматы аренасы, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы, Республика сарайы маңындағы алаң т.б.спорт нысандарында ұйымдастырылады.

 Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында орган музыкасы мен үрмелі аспаптар музыкасы қалықтайтын болады.  




Дерекнама

Яндекс.Метрика