Қазақстан және БҰҮ

Саяси үндеу Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретіндегі жұмысының негізгі басымдықтарын көрсетеді – ҚР СІМ

Президент Н. Назарбаевтың саяси үндеуі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ашық пікірталастарында ұсынылды, бұл жөнінде ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Астана қаласы11 Қаңтар , 14:57

«Бір тәулік бұрын Нью-Йорктегі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің «Даулардың алдын алу және бейбітшілікті сақтау» тақырыбына өткен ашық пікірталасына Қазақстаннан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қатысты», - деп хабарлады Е. Ашықбаев.  

Министрдің орынбасарының айтуы бойынша, бұл пікірталаста Қайрат Әбдірахманов Президент Н. Назарбаевтың Саяси үндеуін ұсынған.

«Еліміздің сыртқы саяси ведомствосының басшысы өз сөзінде 2017-2018 жылдары Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі өкілеттіктерінің басталуына орай, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қауіпсіз, әділ және гүлденген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті оңайлатудың қазақстандық тұжырымдамалық көрінісі» атты Саяси үндеуін ұсынды. Президенттің Үндеуінде Қазақстанның алдағы екі жыл ішінде Кеңес аясында жұмыс істеуі үшін негіз болатын жеті басымдық айқындалған», - деп атап өтті ол.

Осыған орай, үндеуде Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретіндегі жұмысының басымдықтары бөліп көрсетілген. Олардың арасында ядролық қарусыз әлемге жақындау, жаһандық соғыс қаупін болдырмау, Ауғанстанда бейбіт өмірге жәрдемдесу және Орталық Азияда өңірлік бейбіт аймақ қалыптастыру, БҰҰ қамқорлығымен Терроризмге қарсы жаһандық коалиция (желі) құру бойынша күш салу аясында терроризмге қарсы операциялар кезінде Астаналық іс-қимыл кодексін әзірлеу, Африканың бейбіт әрі тұрақты дамуына жәрдемдесу, БҰҰ тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету және бейбітшілік, қауіпсіздік және даму арасындағы байланысты үзбеу, БҰҰ ХХІ ғасыр талаптарына бейімдеу және жаһандық проблемаларды шешу үшін ұжымдық саяси ерік-жігерді нығайту мақсатында мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары деңгейінде ҚК мүше мемлекеттердің тұрақты кездесулері тетігін келісу.

Сондай-ақ, министрдің орынбасарының айтуы бойынша, жаһандық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту бойынша ұжымдық саяси ерік-жігерді қалыптастыру және барынша күш салуды шоғырландыру, мемлекеттер арасында шынайы сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан бір жылда немесе екі жылда бір рет Кеңеске мүше елдердің үкіметтері мен мемлекет басшылары деңгейінде Қауіпсіздік Кеңесі отырысын өткізуді ұсынады.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика