Өңірлер

Сенаторлар Қостанай облысының тұрғындарын Парламенттің заң шығару қызметі туралы хабардар етті (ФОТО)

Сенаторлар Серік Бектұрғанов пен Жеңіс Нұрғалиев Қостанай облысындағы Федоров ауданында болып, «Жаркөл-007» серіктестігі ұйымдастырған зығыр майын өндіретін жаңа цехтың жұмысымен танысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 11 Қаңтар, 12:19

Пешковка ауылында экспортқа арналған өнім өндіретін «Трояна» ұйымының еңбек ұжымымен де кездесу болды. Дақылдар өсірумен айналысатын бұл кәсіпорын зығырды қалдықсыз өңдеу әдістерін игерді.

Өткен жылы өндірісті дамытуға елеулі инвестиция салынып, техника сатып алынды, суды тазарту жүйесі мен қазандықты жаңартумен қатар өндірістік ғимараттар құрылысы да салынды.

Сенаторлар С. Бектұрғанов пен Ж. Нұрғалиев аудандық және облыстық мәслихат депутаттарымен, ауылдық округтер әкімдерімен, шаруашылық жүргізуші субъектілер басшыларымен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесті.

Парламентшілер Парламент Сенатының 2016 жылғы заң шығару қызметі туралы айтып, қабылданған заңдарды іске асыру туралы пікірлерімен бөлісті және қойылған сауалдарға жауап берді. Кездесуге қатысушылар алдағы уақыттағы заң шығару жұмыстарының жоспарын да талқылады. Федоров ауданының әкімі Тәуба Исабаев аймақтың ахуалы мен әлеуметтік-экономикалық даму келешегі туралы әңгімеледі. Сенаторлар сонымен қатар бірқатар әлеуметтік сала нысандарында болды.

 





Яндекс.Метрика