Ұлттың денсаулығы

ОҚО-да 2 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді (ФОТО)

Түлкібас ауданында 96 пәтер мен қос амбулатория ел игілігіне берілді. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев алдымен Түлкібас ауданының Келтемашат ауылдық округіне қарасты Кершетас елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияның лентасын қиып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область 11 Қаңтар, 12:37

«Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету – біздің басты міндетіміздің бірі. Толығымен заманауи медициналық құралдармен жабдықталған мекеме соның айғағы. Алдағы уақытта ауданда халық саны көп шоғырланған 2 елдімекенде емхана құрылысы басталады. 13 ауылда фельдшерлік-акушерлік пунктін салу жоспарда бар. Мұның барлығы да ел игілігі үшін жасалады», –  деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.

Тәулігіне 25 науқасты  қабылдауға қабілетті дәрігерлік амбулаторияда 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Облыстық бюджет есебінен салынған нысанның жалпы құны – 158 млн 129 мың теңге. Құрылыс жұмыстарын «Арнур строй» мекемесі жүргізіп, мерзімінде пайдалануға берді. 

Бүгінде Келтемашат ауылдық округіне қарасты 5 елді мекенде 4997 халық тұрса, Кершетас ауылында 1773 тұрғын бар. Ауданда өткен жылы 3 медициналық нысанның  құрылысы жүріп, 3 нысан күрделі жөндеуден өткен. Айта кетейік, соңғы 25 жылда Түлкібас ауданында 24 денсаулық сақтау ғимараттары бой көтеріп, 32-сі күрделі жөндеуден өтті.

Осы күні Арыс ауылдық округі, Керейт ауылында дәл осындай дәрігерлік амбулатория ел игілігіне берілді. Жалпы Арыс ауылдық округінде 3452 халық тұрса, оның 1812-сі Керейт  тұрғыны.

Сонымен қатар өңір басшысы Т.Рысқұлов ауылында бой көтерген 5 қабатты 2 тұрғын үйдің ашылу салтанатына қатысып, тұрғындарға жаңа пәтер кілттерін табыс етті. 

Былтыр іргетасы қаланған  64  пәтерлі тұрғын үйдің  жалпы сметалық құны – 457 млн. 180 мың теңге. Құрылыс жұмыстарын "Тамерлан корпорешн" ЖШС-і жүргізген.   Ал, "Шұғыла 2002" ЖШС-і тұрғызған 32 пәтерлі екінші тұрғын үйдің құрылысына 227 млн. 921 мың теңге жұмсалған.   

Бүгінге дейін Түлкібас ауданында 100 пәтерлі тұрғын үй ел игілігіне берілген.  Алдағы уақытта ауданда 256 пәтер 5 ұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.                                                             

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика