Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

ЭМ: Қазақстан ОПЕК алдындағы міндеттерге орай мұнай өндіруді азайтты

2017 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан тәулігіне 20 мың баррельге дейін мұнай өндіруді азайтады, мұнайды өндіру көлемі ОПЕК алдындағы міндеттерге орай қысқартылды, деп хабарлады Энергетика министрлігінің ресми сайты.
Казахстан11 Қаңтар , 11:48

«Қазақстан ОПЕК алдындағы міндеттерін орындауға кірісті. Қаңтар айынан бастап мұнай өндірісін тәулігіне  20 мың баррельге қысқартылды», - делінген хабарламада.

2016 жылдың  10 желтоқсанында  ОПЕК  және  ұйымға мүше емес елдердің  қатысуымен министрлік кездесу өтті.  Кездесу қорытындысы бойынша  мұнай өндіру көлемі қысқартылды.  ОПЕК елдері үшін мұнай өндіруді қысқарту  тәулігіне  1,2 млн баррельді құрады.  Ол тәулігіне  32,5 млн баррельді өндіруге әкеледі.  ОПЕК ұйымына кірмейтін елдер  тәулігіне  558 мың  баррельге дейін қысқартады.

Мұнай өндіру көлемін қысқарту  шешіміне сәйкес  мұнай өндіру  2016 жылдың қазан айындағы көрсеткішпен есептеледі.

20 мың баррельді қысқарту  Ақтөбе, Қызылорда  және Маңғыстау облыстарындағы кен орнынан қысқартылады.  Солтүстік Каспий (Қашаған), Тенгіз, Қарашаған кен орнындарындағы ірі жобаларға аталмыш қысқарту қатысты емес.

 




Яндекс.Метрика