Адами капитал

ОҚО-да 130 мүгедекке қоларба табыс етілді

ОҚО-ның Ордабасы ауданында 130 мүгедекке қоларба табыс етілді. Бұл туралы аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Гүлжан Досова хабарлады. 130 азаматтың 56-сына облыстық бюджет есебінен берілсе, 74-іне аудандық қазынадан қаржы қаралған.
Южно-Казахстанская область10 Қаңтар , 16:21

Бөлім басшысы аталған азаматтардың бірі, І топ мүгедегі Темірлан ауылынң тұрғыны Анар Иманқұлованың үйіне барып, оған серуендеуге арналған мүгедектік арба табыс етті.

Аудан орталығында ашылған жалғызілікті қарттарға әлеуметтік үйде көмек көрсету бөлімшесінде тіркелген 97 қарияға 23 әлеуметтік қызметкер бекітілген. Ал мүмкіншілігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 95 бала және 18 жастан асқан, жүйке ауруымен ауыратын 12 адамды есепке алынған. Бұл азаматтарға 20 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде. Әлеуметтік қызметкерлер олардың үйлеріне барып, көмектесіп тұрады.

Түркістан аймақтық мүгедек балаларды оңалту орталығына 24 балаға жолдама берілді. Үйлерінде сабақ алатын 131 мүмкіншілігі шектеулі оқушыға 2016-2017 оқу жылында 2 млн. 80 мың теңге жәрдемақы тағайындалып, толығымен төленді.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика