Қазақстан және БҰҮ

Қазақстанның тұрақты өкілі БҰҰ Бас хатшысына сенім грамоталарын табыстады

Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров Бас хатшы Антониу Гутерришке сенім грамоталарын табыстады. Іс-шара Ұйымның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтті.
Әлемде 10 Қаңтар, 11:23

ҚР СІМ хабарлағандай, іс-шарадан кейін өткен әңгімелесу барысында Қ. Омаров және А. Гутерриш бір-бірін құттықтап, Қазақстанның БҰҰ-мен әріптестігінің одан әрі нығаятынына сенім білдірді. Қазақстандық дипломат ел басшылығы атынан Ұйымның жаңа басшысының дауларды тоқтату, бейбітшілікті сақтау және ұзақ мерзімді тұрақты даму саласындағы көпжақты күш салуға жәрдемдесу жөніндегі жоспарларын қолдайтынын айтты.

Қ. Омаров БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі қазақстандық басымдықтар туралы айтып, Ауғанстан және Орталық Азия елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жаһандық ұйымның жетекші рөлі кезіндегі халықаралық күштерді жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Бас хатшы А. Гутерриш өткен жылдың 23 қарашасында Астанада Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуін еске алып, Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктеріне жоғары баға берді. Ол әлемнің барлық елдерімен, соның ішінде Қауіпсіздік кеңесінің барлық тұрақты мүшелерімен жақсы тығыз қарым-қатынастарды қолдайтын ел ретінде Қазақстанның беделін атап өтті. БҰҰ басшысының айтуы бойынша, бұл өңірлік дауларды реттеуге және жаһандық қауіпсіздік проблемалары бойынша қарама-қайшылықтарды жеңуге ықпал етеді.

А. Гутерриш өзі басқаратын Ұйымның Қазақстанмен саяси сұхбатты және практикалық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. 





Яндекс.Метрика