Халықаралық интеграция

Қазақстан және Франция БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі аясындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Франция Республикасының Сыртқы істер және халықаралық даму министрі Жан-Марк Эйромен телефон арқылы сөйлесті.
Астана қаласы06 Қаңтар , 20:34

ҚР СІМ хабарлағандай, Франция министрі Қайрат Әбдірахмановты жақында қызметке тағайындалуымен, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшесі ретінде қызметін бастауымен құттықтады. 

Тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестіктің дамуын талқылап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі аясындағы ынтымақтастық мәселелері және халықаралық күн тәртібінің басқа да өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. 

Сөйлесу франциялық тараптың бастамасымен өтті.




Дерекнама

Яндекс.Метрика