Жастарға үндеу

Жетісулық жастар Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген міндеттерді орындауға бар күш-жігерін салады

Жетісулық жастар Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында көрсетілген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуына бар күш-жігерін салады. Бұл туралы облыстық жастар саясаты орталығының директоры Айдын Нұрмұхаметов мәлімдеді.
Алматы18 Желтоксан , 00:00

«Алдыңғы күні ғана біз егемендігіміздің жиырма бір жылдығын атап өттік. Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауын жариялады. Жетісулық жастар жолдауды ұйып тыңдап, өздері үшін маңызды болып табылатын басымдықтарды айқындады», деді А. Нұрмұхаметов.

Жастар орталығы басшысы екі онжылдықта жас республиканың көптеген жетістіктерге жетті, дейді.

«Бұл халқымыздың бірлігінің кепілі болған Елбасының ерен еңбегінің жемісі. Қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік күнінің маңызы өте жоғары. 1991 жылдың 16-шы желтоқсанында бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған егемендікке қол жеткіздік», деді жастар көшбасшысы.

А. Нұрмұхаметовтың сөзіне қарағанда, өскелең ұрпаққа артылған жауапкершілік зор, олар бабалар мұрасын көзінің қарашығындай сақтап, Қазақстанды биік шыңдарға жетелеуі тиіс. Мемлекет басшысы жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында алдағы онжылдықтарда Қазақстанның даму бағытын көрсетіп берді. 

Аймақтық жастар саясаты орталығы басшысының айтуынша, жетісулық жастар Жолдауда көрсетілген міндеттердің орындалуына атсалысады. 




Яндекс.Метрика