Халықаралық интеграция

Қазақстан Қытайдағы ірі туристік көрмеге қатысады

Қазақстан Гуанчжоуда өтетін GITF туристік көрмесіне қатысуды жоспарлап отыр.
Астана қаласы06 Қаңтар , 08:52

«2017 жылы басталған Қазақстандағы Қытай туризмі жылы аясында  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Игалиев Қытайдың Шенжен аймағы (Гуандун провинциясы) туроператорлары қауымдастығының басшысы, Shenzhen Top Tour int'l Travel Service компаниясының бас директоры және Шенжен АЭА Ішкі-сауда палатасы төрағасының орынбасары Джонсон Ченмен кездесті», - деп хабарлады ИДМ.

Оңтүстік Қытай Қазақстанға келушілер туризмін дамытуда перспективалы аймақ болып табылады. Өйткені, Қытайдағы ең  белсенді туристер елдің оңтүстік аймағының тұрғындары.  Жыл сайын Гуанчжоудың 2 миллионнан астам тұрғыны шет елге шығады. 

Айта кетейік, Қытай тарапы біздің туркомпанияларды 2017 жылдың 23-25 ақпанында Гуанчжоуда өтетін Халықаралық GITF туристік көрмесіне қатысуға шақырады. Бұл аймақ ҚХР-ның жылдам дамып келе жатқан және бай провинциясы.  2016 жылы көрмеге 29 мың адам қатысты. Онда 23 мың бизнес кездесулер өтіп, келіссөздер жасалды. Сонымен қатар, әлемнің 45 елі өздерінің туристік әлеуеттерін таныстырды.   




Дерекнама

Яндекс.Метрика