Басқару

Елбасы бірқатар заңдарға қол қойды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасында волонтерлік қызметтің құқықтық негіздерін айқындайтын «Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Желтоксан , 19:07

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы «Пробация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына заңнаманы сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасында пробацияны ұйымдастыру мен жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін айқындауға бағытталған «Пробация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.




Яндекс.Метрика