Мәдениетті жаңғырту

Мәдениеттерді жақындастыру орталығы «ЮНЕСКО аясында» мәртебесін алуы мүмкін – ҚР МСМ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениеттерді жақындастыру орталығына» «ЮНЕСКО аясында» мәртебесін беру мәселесін пысықтауда, деп хабарлады ведомство.
Казахстан30 Желтоксан , 14:12

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысымен Қазақстанда «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік мұражайы ашылды. Мұражайдың негізгі міндеттері мұражай құндылықтарын және тарихи-мәдени мұраны жинау, сақтау, зерттеу және насихаттау болып табылады.

Бұдан бөлек, Орталық базасында қазақстандық этностардың ұлттық мәдениетін сақтауға бағытталған қолданбалы, жобалық және іздеу зерттеулері жүргізілуде. Сондай-ақ мұражай озық тәжірибе мен тұрақты даму қағидаттары негізінде Орталық Азия елдерінде мәдени алуандылық пен дінаралық диалогты ілгерілетеді.  

Қазіргі уақытта ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениеттерді жақындастыру орталығына» ЮНЕСКО ұйымының аясында одан әрі жұмыс істеу үшін «ЮНЕСКО аясында» мәртебесін беру мәселесін пысықтауда. 2016 жылғы 12 сәуірде ЮНЕСКО Қазақстан Үкіметінен (ҚР Мәдениет және спорт министрлігі) Алматыда ЮНЕСКО аясында 2-санатты «Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын» (ICRC) ұйымдастыру туралы ресми сұрату алды. ЮНЕСКО-дан хат келіп түсті, оған сәйкес, ЮНЕСКО «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мұражайы базасында 2-санатты орталық құруды қолдайды. 




Яндекс.Метрика