Халықаралық интеграция

Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы 2016 жылы жаңа бағыттарға ие болды

2016 жылы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жандандырылуымен бірқатар бизнес-форумдар ұйымдастырылды, Strategy2050.kz ақпараттық агенттігі форумдар қорытындылары бойынша тараптардың қандай нәтижелерге қол жеткізгені және Қазақстанның бизнес қоғамдастығы шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған қандай құжаттарға қол қойғаны туралы айтпақ.
Казахстан30 Желтоксан , 12:19

ҚР сыртқы істер экс-министрі Ерлан Ыдырысовтың деректері бойынша 2016 жылы шетелде сауда-экономикалық және инвестициялық тақырып бойынша 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді, олардың арасында әр түрлі роуд-шоу, экономика күндері, бизнес форумдар, дөңгелек үстелдер, инвестициялық мүмкіндіктермен таныстыру және басқалары бар.

Бұдан бөлек, 2016 жылы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жандандырылуымен бірқатар бизнес-форумдар ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің, Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік органдарынан, квазимемлекеттік және ірі жеке компанияларынан 1300-ден астам өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан-Ресей бизнес форумын атап өту қажет. Қазіргі уақытта Қазақстанда мұнай және газ өндіру, өңдеу өнеркәсібі, көлік, байланыс, машина жасау, ғарыш саласындағы, атом энергиясын бейбіт жолмен пайдаланудағы ынтымақтастық сияқты экономика салаларында ресейліктердің қатысуымен 6453 компания сәтті жұмыс істейді. Форум қорытындылары бойынша 3 млрд АҚШ долларына жуық сомаға 56 екіжақты құжатқа қол қойылды.

Қазақстан-Мажарстан бизнес форумына фармацевтика, медициналық жабдық, ауыл шаруашылығы, машина жасау, тамақ өнеркәсібі, логистика, АКТ сияқты тағы басқа секторларды танытатын мажарстандық компаниялардың өкілдері қатысты.

Сондай-ақ Астанада Қазақстан-Чехия және Қазақстан-Сербия бизнес форумдары өтті, бұдан бөлек, мұндай форумдар Голландияда, Жапонияда және Кореяда да өтті, бұл өзара пайдалы қарым-қатынастарды кеңейтуге ықпал етеді.

2016 жылы ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға баса назар аудара отырып, халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-қимылды кеңейту бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл Дүниежүзілік банк тобы, ХВҚ, ЕҚДБ, АДБ, ИДБ, АИИБ. Бір жыл ішінде Қазақстанның негізгі салаларын ауқымды қаржыландыруды бекітетін 30-дан астам халықаралық шарт, әлеуметтік-экономикалық жобалар келісілді.  

СІМ атап өткендей, біздің азаматтарымызды консулдық қорғаумен қамту ауқымын кеңейту қызметі жандандырылды. Қазіргі уақытта әлемнің 67 елінде 92 консулдық мекеме жұмыс істейді. Сонымен қатар, шетелде Қазақстан Республикасының 70 құрметті консулдығы өз қызметін жүзеге асыруда.  

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика