Басқару

2017 жылдың 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу қатысушылары жана қағидаларымен жұмыс істейтін болады

2017 жылдың 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу барлық кезендері жоспарлаудан бастап, ақы төлеумен аяқтай отырып электрондық форматта www.goszakup.gov.kz. – веб-порталы арқылы жүргізіледі, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу Қағидаларымен танысуға болады, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Желтоксан , 11:27

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі сатып алудың айқындығың үлғайту мақсатында Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізді.

Осы өзгерістерге байланысты 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алу келісім шартының орындалуы жөніндегі құжаттары – көрсетілген қызметтердің, орындалған жұмыстардың, тауарларды қабылдау  актілері мен шот-фактуралары тек қана электрондық форматта толтырылатын болады.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасы ардәйім жетілдіруді қажет етеді, - деп ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департамент директоры Сәбит Ахметов мақұлдайды. Осыған байланысты сатып алу жүйесін реттегенде біз үш негізгі қағидаттарына негізделеміз – айқындығы, қарапайымдығы және сатыпалулар нәтижесі.

Мемлекеттік сатып алу саласы үлкен ақшалай қаражатпен байланысты және бүкіл дүние жүзінде сыбайлас жемқорлыққа коп ұшырайтын сала екенің ескере отырып, ҚР қаржы министрлігінде бұл енгізілетін жаңалықтар жеткізушілер мен тапсырыс берушілердің жұмысын айтарлықтай женілдетеді, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді орындағаны ұшін төлем уақытын қысқартады деп есептейді.

Осылайша, 2017 жылдың 1 қаңтардан бастап  мемлекеттік сатып алу  барлық кезендері жоспарлаудан бастап, ақы төлеумен аяқтай отырып электрондық форматта www.goszakup.gov.kz. – веб-порталы арқылы жүргізіледі, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу Қағидаларымен танысуға болады.




Яндекс.Метрика