Өңірлер

СҚО-ның тұрғын үй қоры 2016 жылы 120 мыңға жуық үйді құрады

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйлер саны 119 969 құрады, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.
Солтүстік Қазақстан30 Желтоксан , 10:23

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімінің деректері бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға тұрғын үй қоры 12 274,9 мың ш.м. құрады, одан қалалық тұрғын үй қоры – 45,1%, ауылдық тұрғын үй қоры – 54,9%. Мемлекеттік тұрғын үй қорына - 2%, жеке меншік тұрғын үй қорына - 98% келеді.

Сыртқы қабырғалар материалдары бойынша тұрғын үйлер келесідей бөлінді: кірпіш, тас - 27%, ірі панелді – 14,3, каркас-панелді – 0,4, ірі шығырды – 0,3, монолитті бетон (темірбетон) – 1, басқа қабырға материалдары - 57%.

Облыс бойынша халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі бір адамға жалпы ауданның 20,8 ш.м., қалалық елді мекендерде – 21,9 ш.м., ауылды елді мекендерде – 20 ш.м. құрайды.

 




Яндекс.Метрика