Халықаралық интеграция

Қоғам қайраткерлерін Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттады

Қазақстанның Армениядағы Елшілігінде армяндық саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлерін екіжақты қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР наградасымен марапаттады.
Әлемде29 Желтоксан , 20:27

Екіжақты қарым-қатынастың дамуына үлес қосып, белсенді еңбек еткені үшін  «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық медалі» Армения Ұлттық жиынының депутаты Айк Бабуханян, «Армен Пресс» ақпараттық агенттігінің бас редакторы  Арам Ананян марапатталды.

Қазақстанның Армениядағы елшісі Тимур Оразаев парламентті топқа Қазақстанмен ынтымақтастық қатынаста болғаны үшін жеке алғыс айтты.

Армяндық қонақтар өз тарапынан Қазақстан басшылығын еңбектің жоғары бағалануына алғыс айтып, ҚР Тәуелсіздігінің  жылдығымен құттықтады. 




Яндекс.Метрика