Өңірлер

Қарағанды облысында 100-ден астам жемдеу алаңы салынды

Қарағанды облысында 100-ден астам жемдеу алаңы салынды, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Қарағанды29 Желтоксан , 19:51

Қарағанды облысында жеке кәсіпкерлер ретінде тіркеліп, 5 ауыл шаруашылығы кооперативіне біріккен 115 отбасылық жемдеу алаңы құрылды.

«100 ауылды дамыту» бағдарламасына қатысушылар «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ арқылы 278 млн теңге сомасына несие алды.

Осы кооперативтер ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану бойынша іске асырылып жатқан шаралардың барлық талаптарына сәйкес келеді.

Бұқар жырау ауданының Ростов ауылдық округінде - 28, Гагарин ауылдық округінде - 14, Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылдық округінде - 26, Жаңаарқа ауданының Целинный ауылдық округінде - 19 және Шет ауданының Успен ауылдық округінде 28 отбасылық жемдеу алаңдары құрылған.

Кооперативтер ауылда өнімді жұмыспен қамтуды және өңдеуші кәсіпорындардың жұмыспен жүктелуін қамтамасыз етеді. 




Яндекс.Метрика