Ұлттың денсаулығы

Ақтөбеде экстрокорпаралды ұрықтандыру орталығы ашылды

Ақтөбеде заманауи жабдықпен жарақтандырылған экстрокорпаралды ұрықтандыру орталығы ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақтөбе29 Желтоксан , 19:18

Ақтөбеде аймақтағы бірінші ЭКҰ орталығы ашылды. Облыстық консультациялық-диагностикалық перинаталдық орталық бөлімшесінің  іске қосылуына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Маңызды нысан ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай пайдалануға беріліп отыр. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 420 млн. теңге бөлінді. Бірегей орталық ең озық құралдармен жабдықталған барлық халықаралық талаптар мен стандарттарға сай келеді. Репродуктолог, эмбриолог, уролог-андролог секілді мамандар репродуктивтік медицина институтында және алыс және жақын шетелдердегі мамандандырылған клиникаларда оқытылған.

"Бүгінде Қазақстанда  бала көтере алмайтын әйелдерге ана бақытын сезінуге көмектесу үшін ең озық технологиялар мен инновацияларды қолдану арқылы көмек көрсетіліп жатыр. Бұл қолдау мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жасалуда. Біздің облысымызда   2000-нан астам жұп  бедеулік есебінде тұр. Олардың 600-ге жуығы экстрокорпоралды ұрықтандыруға зәру.  Орталықта осы игілікті іске қызмет ететін  ең үздік мамандар жұмыс жасайтын болады. Алдағы бірнеше жылда Ақтөбе медициналық қызмет көрсетуде Батыс Қазақстандағы орталыққа айналуы тиіс", - деген облыс әкімі орталықтың алдына бірнеше міндеттер қойды.

Бердібек Сапарбаев жаңа нысанды аралап, оның бірегей мүмкіндіктерімен танысты.

"Бұл жерде нәрестені мүгедектікке әкелуі мүмкін туа біткен ақауларды алдын-алу үшін қажетті құрал-жабдықтар бар. Перинаталдық орталығының құрылысы аяқталғаннан кейін, электронды деректер базасын іске қосылатын болады және әрбір әйел есепке алынады" - деді аймақ басшысы.

Мамандар өз кезегінде облыс әкіміне осындай маңызды жобаны жүзеге асыруда қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.

2017 жылы жергілікті бюджет есебінен 50 отбасылық жұпқа ЭКҰ процедурасын жүргізу жоспарланып отыр. 




Яндекс.Метрика