Халықаралық интеграция

Елбасының шетелдік сапарларының нәтижелері

2016 жылы бірқатар шетелдік елдерде нәтижелі кездесулер өткізді. Strategy2050.kz АА Елбасының шетелдік сапарларының нәтижелері туралы ақпаратты ұсынады.
Астана қаласы30 Желтоксан , 09:21

 2016 жылы Мемлекет басшысы 21 шетелдік  сапар жасап, шетелдік мемлекеттердің, үкіметтердің және халықаралық ұйымдардың 15 басшысын қабылдады. Жыл басынан бері жалпы 49 халықаралық шара мен 81 екіжақты сапар өтті.

Экс-сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов  ОКҚ-да жылдың қорытындысына орай өткен брифингте өтіп бара жатқан жыл Мемлекет басшысының шет елдерге нәтижелі сапарларына және біздің елімізде жоғары деңгейдегі сапарларға  толы болғанын айтты.

 Министрдің атап өтуінше, өтіп бара жатқан жылдың ішінде шетелде сауда-экономикалық және инвестициялық тақырыптарды қамтыған 300-ден астам шара ұйымдастырылған. Олардың қатарында экономика күндері, бизнес форумдар, дөңгелек үстелдер сынды шаралар бар.

«Қазақстанға шетелдік елдердің іскерлік және экономикалық орталары өкілдерінің 600-ден астам сапары орын алды», - деді ол.

Жылдың басында  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельде Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Тускпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен Еуропалық одақтың ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы Еуроодақ Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды вектордың бірі екенін және сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың басымдығы бар бағыты болып саналатынын айтты. Қазақстан Президенті еліміздің сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы Еуроодақтың үлесіне тиетініне назар аударды.

Вашингтондағы іс-шара Қа­зақстан Президенті Н.Назарбаевтың ядролық қару­сыз әлем құру, ғалам­дық ядро­лық қауіпті қыс­қарту са­ласында халықаралық қауым­­дастықтың күш-жігерін үйлес­тіру маңыздылығы туралы бас­тама­лары­ның өзектілігін тағы да ай­қындады.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуел­сіздіктің алғашқы жылдарында-ақ ел ішіндегі ядролық жаппай қырып-жою қаруынан бас тартып, дүниежүзіне өзін бейбітсүйгіш, диалогқа ашық, көреген саясаткер ретінде таныта білді. 

Сондай-ақ, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургте Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, сондай-ақ қарым-қатынасты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды.

Оған қоса, Мемлекет басшысы Белград қаласына келді. Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Президенті Томислав Николичпен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қытайға барған сапары аясында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты, оның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық, отын-энергетикалық, транзит-көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Қазан айында Мемлекет басшысы Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Ияд ибн Әмин Маданимен кездесті. Келіссөз барысында Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүшелігі аясындағы екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі жайттары талқыланды.Сондай-ақ, тараптар Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған,  бүгінде құрамына 32 ел кіретін халықаралық азық-түлік қорының жұмысын ілгерілету мәселелерін қарастырды.Бұдан бөлек, Ияд ибн Әмин Мадани Мемлекет басшысын Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақтық қақтығыстарды реттеуге бағытталған барлық бастамаларын қолдайтынын айтты.   

Елбасы Жапонияның сыртқы істер министрімен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Жапония серіктестігінің жоғары деңгейге жеткенін және сапар аясында өтіп жатқан келіссөздер алдағы уақытта оның аясын кеңейтуге бағытталатынын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстанға  2016 жылы Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоган, Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу, Мысыр елінің Президенті Әбдел  Фаттах Ас-Сиси, АҚШ энергетика министрі Эрнест Мониз, Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани, Испания сыртқы істер министрлігінің міндетін атқарушы Хосе Мануэль Гарсия-Маргальо, Сербия Премьер-министрі Александр Вучич  сапарлап келді.

Жалпы, Елбасының көпсалалы, салиқалы саясатының нәтижесінде Қазақстан жауапкершілігі мол құрметті ел болып саналады.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика