Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ШҚО-да үш инвестициялық жобаның іске асырылуымен 115 жұмыс орны ашылады

Шығыс Қазақстанда үш инвестициялық жобаның іске асырылуымен 115 жұмыс орны ашылады, деп хабарлады облыстың Ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан29 Желтоксан , 17:56

«Өскеменде қаланың 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жасалуда. Ең алдымен, өнеркәсіпте өндірістің біртіндеп өсуі қаланың металлургия мен машина жасау есебінен 100 пайыздық деңгейден төмен емес деңгейге шығуына мүмкіндік берді», - делінген хабарламада.

Индустрияландыру картасы аясында қала бойынша жалпы құны 127,2 млрд теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба іске асырылуда. Үш жоба («KazWoodGroup» ЖШС, «ТАГ-ТИН» ЖШС және  «Вертекс-Шығыс» ЖШС) биылғы жылдың соңына дейін іске асырылады, онда 1,6 млрд теңге инвестиция салынып, 115 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемінің өсу қарқыны 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103% кем емес.

Құрылыс саласында қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйдің енгізілуі 27% өсіп, 178,9 мың шаршы метрге тең болды.

Бұдан бөлек,ақпарат бойынша бөлшек сауда көлемі де өсіп келеді, жыл қорытындылары бойынша Өскемен 102,5 пайыздық деңгейден төмен емес.

Шағын бизнес саласындағы белсенді кәсіпорындар саны өткен жылғы деңгейден төмен емес - 3085 бірлік. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 185 жұмыс орны ашыла отырып, 7,1 млрд теңге сомасына кәсіпкерлердің 46 өтінімі қаралды.

Бұдан бөлек, барлық деңгейдегі бюджеттерге түсімнің өсу қарқыны қамтамасыз етілген: мемлекеттік бюджетке - 157% кем емес; жергілікті бюджетке - 107% кем емес.




Яндекс.Метрика