Қазақстан және БҰҮ

Қазақстанның БҰҰ ҚК мүшесі ретіндегі бейнесі

2016 жыл Қазақстанға толағай табыстарды сыйлады. Биылғы жылдың 28 маусымында БҰҰ Бас Ассамблеясында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне 5 тұрақты емес өкілді сайлау рәсімі өтті. Қазақстан аталмыш ұйымның 2017-2018 жылдарғы тұрақты емес өкілі атанды. Strategy2050.kz АА Қазақстан БҰҰ ҚК мүшесі ретінде өзін қалай таныстыратындығын анықтап көрді.
Астана қаласы29 Желтоксан , 15:48

«Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесінің қатарына енді. Менің ойымша, бұл Қазақстанның сыртқы саясатының ерең еңбегі. Егер тарихқа көз жүгіртеттін болсақ, онда әлемнің тағдыры ұлы державалармен шешіледі. Бүгінгі күні Қазақстан өз-өзін көрсетуге, идеяларын айтуға және бағыттарын көрсетуге мүмкіндігі бар. Өздерініңз білетіндей, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі соғыс пен бейбітшіліктің мәселелерін шешеді. Сонымен қатар, Қазақстан үшін өз проблемаларын талқылайтын кең алаң ашылуда. Біздің еліміз 25 жыл ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді»,- деді Б. Аяған.

«Біз ең бірінші, әлемге тұрақтылық мен бірліктің мысалын көрсете білуіміз тиіс. Қазақстан – ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан мемлекет және халықаралық қауіпсіздікті қаматамысз ету бойынша жаһандық бастамаларды талқылау құқығына ие. Геосаяси тұрақсыздық, террористік сипаттағы актілер, экстремизм – оның барлығы шиеленіс шақырады және қоғам арасында байбалам салады»,-деді  тарих ғылымдарының докторы, профессор Георгий Кан.

Ол айтқандай, мемлекеттің, азаматтардың ұстанымдарын анықтау қажеттілігі туындайды. Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі болып сайлануы біздің бойымызға сенімділік тудырады және біздің алған бағытымыздың дұрыс, әрі салыстыра тексерілгендігін дәлелдейді

Профессордың айтуы бойынша, әлімдік қауымдастық бізге сенімділік танытады. Осыған орай, Қазақстан екі есе жауапкершіл болуы тиіс.

«Әлемнің 200 мемлекетінің ішінен Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы әлемдік саясатта елдің маңыздылығын айтады. Қазақстанның жоғары әлемдік ұйымда мүше болуы, мемлекетіміздің және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың беделінің айқын көрінісін көрсетеді»,-деді Қазақстанның Әзірбайжан мәдени орталықтары одағының» ЗТБ президенті Видади Салахов.

Естерінізге сала кетейік, 28 маусым айында БҰҰ Бас Ассамблеясында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес бес мүшесіне сайлау өткізілді. Қазақстан осы ұйымға 2017-2018 жылдар аралығында тұрақты емес мүше болып сайланады. Дауыс беру барысында Қазақстанға 138 мемлекет дауыс берген, ал оның басты бәсекелесі Тайланд болды. Оларды 55 БҰҰ мүшелері қолдады.




Яндекс.Метрика