Ұлттың денсаулығы

Астанада жаңа хоккей корты ашылды

Хоккейшілер мен коньки тибуді сүйетіндер үшін Астанада жаңа корт құйылды, ол Сарыарқа даңғылында «Астана» спорт кешенінің қасында орналасқан. Нысанның салтанатты ашылуына «Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Тұрлыбек, «Барыс» хоккей командасының капитаны «Барыс» Брэндон Боченски, жас «барыстар» мен қала тұрғындары қатысты, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы29 Желтоксан , 14:59

«Бүгін біздің ауданда мереке - біз ашық аспан астында алғаш рет кәсіпқой хоккей клубын ашып отырмыз. Мемлекет басшысы бұқаралық спорттың дамуына ерекше көңіл бөледі, әрбір тұрғынға спорттық инфрақұрылым қолжетімді болсын дейді. Осы корт тегін негізде хоккей ойнауға арналған, қаланың кез келген тұрғыны келіп, ойнап, коньки тебе алады»,- деді Арман Тұрлыбек.

Сонымен қатар, бүгін ауданның аумағында алты мұз айдыны ашылды. Олардың барлығы бұқаралық спорттың дамуына және тұрғындардың денсаулығын нығайтуға қызмет етеді.




Яндекс.Метрика