Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ЖЖК: Ақмола облысында 2016 жылы 5 жоба аяқталған

Ақмола облысында 2016 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 5 жоба аяқталған.
Ақмола29 Желтоксан , 14:36

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің деректері бойынша, Ақмола облысында 28 жобаны іске асыру жоспарланған. Осы ретте 9 жоба басталған, ол – 5 денсаулық сақтау нысаны, 3 білім беру нысаны, 1 – көлік жолдарын қайта құру жобасы. Бұдан бөлек, облыста 5 жобаны іске асыру аяқталған.

Жалпы, жұмысқа орналастырылған ақмолалықтар саны 1114 адамға жеткен.

2016 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасына Қазақстан бойынша барлығы 188 335 адам қатысып, оның ішінде 183 060 адам жұмыспен қамтылған.

Осы ретте инфрақұрылымдық жобаларға - 21 482, әлеуметтік жұмыс орындарына - 14 444, жастар практикасына 15 281 адам орналастырылған.

Бағдарлама аясында 9 836 қатысушы өндірісті ашу мен кеңейтуге шағын несиелер алған. Бұдан бөлек, кәсіптік оқудан 8 696 қазақстандық өткен.




Яндекс.Метрика