Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Жамбыл облысында микрокальцит өндіретін жаңа цех ашылды

«Жамбылгипс» АҚ-да өңірді жаңа жұмыс орындарымен және бюджетке түсімдермен қамтамасыз ететін гипс және микрокальцит өндіретін екі жаңа цех ашылды.
Жамбыл29 Желтоксан , 11:19

Әкімдіктің ақпараты бойынша, цехтар жаңа гипс зауытын салу жөніндегі жалпы жоба аясында іске қосылған. Кәсіпорын келесі жылдың ақпанында толық жұмыс істей бастайды деп күтілуде. Кезекте тағы екі цех бар, олардың бірі – перлит шығару цехы да Қазақстан үшін бірегей болмақ.

Микрокальцит – бұл әр түрлі химиялық кәсіпорындарға арналған шикізат. Осы күнге дейін Қазақстанда микрокальцит Алматы облысында ғана шағын партиялармен шығарылып келген. Жамбыл облысы микрокальцитті өнеркәсіптік ауқымда шығару жөніндегі жобаны Қазақстан бойынша алғашқылардың бірі болып іске асырды.

Осы жоба индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуда. Іске қосылған цехтардың құны 2500 млн теңгені құрайды. Олардың жобалық қуаттылығы - 270 мың тонна өнім. Өнімді жеткізуге Қазақстандық кәсіпорындардан 40-тан астам тапсырыс келіп түсті. Бұдан бөлек, кәсіпорында өнімді шетелге экспорттау мүмкіндігі де бар.

Өңір әкімдігінде хабарлағандай, бүгінгі күні құны 500 млрд теңгеден астам 34 индустриялық-инновациялық жоба іске асырылған, 5000 астам жұмыс орны ашылған. Осы ретте биылғы жылдың қаңтар-қараша аралығындағы кезеңде облыс кәсіпорындары 308643,4 млн теңгеге өнім өндірген. Оның 70 %-дан астамын жаңа өндірістер ашылып жатқан өңдеу өнеркәсібі құрайды.  




Яндекс.Метрика