Инфрақұрылымның дамуы

Алматыда 2017 жылы бірқатар қалалық саябақтар қайта құрылады

Алматыда 2017 жылы бірқатар қалалық саябақтар қайта құрылады, бұл жөнінде Алматы қаласы мәслихатының XII сессиясында белгілі болды.
Алматы қаласы29 Желтоксан , 10:46

Қолайлы қоғамдық кеңістіктер жасау мақсатында Тұңғыш Президент, Оңтүстік саябақтарын қайта құру, сондай-ақ тағы 22 саябақты абаттандыруға ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда.

Қала әкімдігінде көктемнен бастап Жібек жолы көшесінде, Астана алаңында, Панфилов, Қабанбай батыр және Гоголь көшелерінде жаяу жүргіншілер аймағын жасау бойынша жұмыстар басталатыны хабарланды.

Сондай-ақ бірыңғай сәулет стилінде қалалық жиһаз бен шағын сәулет нысандарын орнату бойынша жұмыс жалғасатын болады. Қаланы бұталармен және гүлдермен көгалдандыруға жұмсалатын шығыстар ұлғайтылды.

Биылғы жылы 290 қалалық үй аулаларын абаттандыру жүргізіліп, оған 2 млрд теңге бөлінгені белгілі. Келесі жылы тағы 400 аула абаттандырылатын болады.

Қардың анағұрлым сапалы тазалануын қамтамасыз ету мақсатында 93 қар тазалау машинасын сатып алу көзделген (4,5 млрд теңге).

Бұдан бөлек, 2017 жылы негізінен қосылған аумақтарда 260 шм астам арық желісін салу және қайта құру жоспарланған. 




Яндекс.Метрика