Адами капитал

Шымкентте 938 қоғамдық нысанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар орнатылды

Қала әкімдігінің кезекті отырысында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жұмыстары тыңдалды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область29 Желтоксан , 10:23

Қалада 29190 мүгедек азаматтар есепте тұрса, қазір олардың барлығы мемлекеттен кепілдендірілген жәрдемақылармен толығымен қамтамасыз етіліп келеді. Мүгедектердің өмірін жақсарту және құқықтарын қорғау мақсатында 717 нысан толығымен бейімдеуден өтті.

 Осыған орай, мүгедектерге қолжетімді орта құруға кәсіпкерлерді жұмылдыру мақсатында «Біз біргеміз!» акциясы өткізілді. Зағип жаяу жүрушілерге қосымша ақпарат белгілері қарастырылып, қаладағы 17 орында «Зағип жаяу жүрушілер» жол белгілері, 8 дана анимациялық бағдаршамдар мен 40 дана дыбыс беру құрылғылары, 12 автотұрақ (мүгедектерге арналған) орнатылды. 

Өз кезегінде қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов қала аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған әжетханалар тапшы екендігін айта келе, арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оларға не қажет екендігін біліп, сол бойынша қажетті жағдай жасауға тапсырма берді. 

Қала аумағында әскери тіркеу мен әскери шақыру жұмыстарын жүргізу бойынша 2016 жылдың қаңтар-наурыз аралығында Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне 1999 жылы туылған 5139 жасөспірімдерді тіркеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы А.Шегебаев баяндады. 

2016 жылғы берілген тапсырыс бойынша қала аумағында ҰҚҚ Шекара Қызметі, ҚР Қарулы Күштері, ҚР Мемлекеттік Күзет Қызметі, ҚР Ұлттық Ұлан қатарына шақырылған 179 жолдама түгелдей орындалған. Жалпы, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасында 17-27жас аралығындағы 49679 азамат тіркеуде тұр.

 




Яндекс.Метрика