Адами капитал

Б.Сапарбаев Ақтөбе облысының үздік үкіметтік емес ұйымдарын марапаттады

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің белсенді үкіметтік емес ұйымдарының басшыларына алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Азаматтық қоғам белсенділерін облыс әкімдігінде марапаттады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақтөбе 29 Желтоксан, 09:57

Өңір басшысының алғыс хаттарына 12 адам ие болды. Олардың қатарында үкіметтік емес ұйымдарының басшылары, ақпараттық топ және облыстың қоғамдық кеңес мүшелері бар.

“Үкіметтік емес ұйымдар көп ретте бізге, әсіресе әлеуметтік мәселелерді шешуге  көмек береді. Сіздердің осы жылы атқарған үлкен қоғамдық жұмыстарыңыз бен қызметтеріңіз үшін алғысым шексіз. Ағымдағы жылы, өңір басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде облыстың қоғамдық кеңесі құрылған болатын. Ақтөбе мен облыс аудандарындағы ең өзекті мәселелерді қозғайтын мекеме өзінің тиімділігін көрсетті. Сіздер игі істер жасап жатсыздар, сіздердің қоғам үшін еткен еңбектеріңізге алғысым шексіз”,-деді жиналғандарға Бердібек Сапарбаев.

Ақтөбе облысында 600-ге тарта коммерциялық емес ұйым тіркелсе, олардың 100-ге жуығы белсенді қызмет етуде. Жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру көлемі артып келед. 2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс сомасы 123 млн. теңгені құрады. Ағымдағы жылы қаржыландыру көлемі 216 млн. теңгені құрап, 75%  өсті.

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері 25 кеңесші органдардың, жергілікті атқару органдары жанындағы қоғамдық кеңестердің құрамына кіре отыра өңірдің түрлі өзекті қоғамдық-саяси  шешімдеріне белсенді араласады.

 





Яндекс.Метрика