Өңірлер

Қазақастанда тозығы жеткен көліктерді сатып алу бағдарламасы 2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап толығымен іске қосылады

«ӨКМ Операторы» ЖШС тозығы жеткен көлік құралдарын өткізуді ынталандыру Бағдарламасын 2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап Қазақстанның 17 қаласында толығымен іске қосады.
Казахстан29 Желтоксан , 09:32

«2017 жылдың 4-15 қаңтар аралығында көне көліктерді бағалау және қабылдауды жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.  Осы ретте ӨКМ Операторы ҚР ІІМ әкімшілік полиция Комитетімен бірлесіп, көлік құралдарын жою мақсатында есептен шығару жөніндегі жалпыға ортақ анықтама құжат бекітеді», - деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Сондай-ақ халыққа ыңғайлы болу үшін ӨКМ Операторы ҚР энергетика Министрілгімен және Республикалық нотариалдық палатамен бірлесіп, көлік құралын жоюға өткізуге сенім білдіру жөніндегі ортақ үлгі енгізетін болады. Және де ӨКМ Операторы «Қазпошта» АҚ (жеке және заңды тұлғаларға есептік шот ашу үшін) келісімге қол жеткізді. 2017 жылдың 4 мен 15 қаңтар аралығында электронды кезек жүйесі енгізіліп, ескі көліктерді жинайтын мобильді бекет кестесі жасалады. Сондай-ақ тозған көліктерді қабылдау және бағалу жұмысы жетілдіріледі.  

Айта кету керек, 2016 жылдың 21 қарашасынан бастап жүзеге асырылған пилоттық жоба аясында еліміз бойынша 4774 ескі көлік  қабылданды (21 қараша мен 27 желтоқсан аралығында).

Көрнерген көліктерді қабылдау бойынша Шымкент қаласы көш бастады. Бір айдан астам уақытта аталған қаладан - 661 автокөлік жиналды. 672 көлік өткізген Қостанай екінші орында. 412 машина тапсырған Ақтөбе қаласы үштікті түйіндеген.

Жою мақсатында қабылданған автокөліктердің орташа жасы 25-30 жыл аралығын қамтиды. Тозған көліктерді өткізуді ынталандыру Бағдарламасы іске қосылғалы бері қабылданған 4772 көлік бірінші санат (150 мың теңге) бойынша бағаланды.  Тапсырылған көліктердің арасында тек 2 автокөлік екінші санатқа (48 мың теңге) жатқызылған.  

 




Яндекс.Метрика