Өңірлер

Шығыс Қазақстанда 2016 жылы 5 өнеркәсіптік нысан салынды

Шығыс Қазақстан облысында 2016 жылы 5 өнеркәсіптік нысан салынды, деп хабарлады өңірдің статистика департаменті.
Шығыс Қазақстан28 Желтоксан , 19:46

«Шығыс Қазақстан облысы, бұрынғысынша, еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірі болып табылады. Жаңа нысандардың құрылысы жүріп жатыр, оларды әр түрлі әлеуметтік-экономикалық салаларда пайдалануға енгізу жүзеге асырылуда», - делінген хабарламада.

2016 жылғы қаңтар – қараша аралығындағы кезеңде тұрғын үй мақсатындағы емес 151 нысанның құрылысы аяқталды. Облыста 5 өнеркәсіптік, 33 сауда,  3 мәдени-ойын-сауық мақсатындағы нысан, 41 қонақ үй, мейрамхана және ұқсас нысандар салынды. Бұдан бөлек, 9 оқу орны, 4 кеңсе, 7 көлік, байланыс және коммуникациялар нысаны, 6 резервуарлар мен қойма, 29 ауыл шаруашылығы мақсатындағы нысанның, 14 басқа нысанның құрылысы аяқталды.

Сондай-ақ тұрғын үй қорын толықтыру жүріп жатыр. 2016 жылғы 11 ай ішінде 2785 пәтер пайдалануға енгізілген, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға артық. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 265 094 шаршы метрді құрады.




Яндекс.Метрика