Инвестициялар

Батыс Қазақстанның негізгі капиталына 340,2 млрд теңге инвестиция түсті

2016 жылғы қаңтар-қараша аралығындағы кезеңде Батыс Қазақстанның негізгі капиталына инвестициялар көлемі бағалауды ескергенде 340,2 млрд теңгені немесе 2015 жылғы қаңтар-қараша кезеңімен салыстырғанда 117,7% құрады.
Батыс Қазақстан28 Желтоксан , 19:18

Өңірдің статистика департаментінде хабарлағандай, инвестициялардың технологиялық құрылымында 37,7% - ғимараттар мен құрылыстарды салу және жөндеу бойынша жұмыстар, 34,5% - машиналар, жабдық, құралдар, мүкаммал, 27,8% басқа күрделі жұмыстар мен шығыстар құрады.

2016 жылғы қаңтар-қараша аралығындағы кезеңде инвестициялық салымдардың 82%-ы – өнеркәсіпке, 6,1%-ы – жылжымайтын мүлікпен байланысты операцияларға, 5,4%-ы көлік пен қаттауға бағытталған.

Негізгі капиталға инвестициялардың ең көп көлемдері Бөрілі (185,3 млрд теңге), Зеленовский (95,6 млрд теңге) аудандарында және Орал қаласында (42,9 млрд теңге) байқалады.




Яндекс.Метрика