Евразиялық одақ

ЕЭК ЕАЭО-да технопарктер мен кластерлерді дамыту жөніндегі ұсынымдарды мақұлдады

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының мүшелері «Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің индустриялық-инновациялық инфрақұрылым нысандарын құру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етудің үздік практикаларын тарату туралы» ұсынымын қабылдады.
Әлемде28 Желтоксан , 20:19

«Одақ елдерінде индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның бірқатар нысандары құрылды: кластерлер, технопарктер, индустриялық саябақтар, экономикалық аймақтар, инновациялық орталықтар, бизнес-инкубаторлар және т.б. Олар өздерін өнеркәсіптік кәсіпорындар мен инновациялық компанияларды қолдаудың тиімді құралдары ретінде көрсетті», - делінген хабарламада.

Ұсынымда жалпы стандарттарға көше отырып, кезең-кезеңмен жұмыс істеу және ЕАЭО-да инфрақұрылым нысандарын құру мен олардың жұмыс істеуін ерікті сертификаттау жүйесі, сондай-ақ мүше мемлекеттер кәсіпорындарының оларға қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделеді.

Сондай-ақ қабылданған құжат Одақ елдерінде олардың жұмыс істеу шарттары туралы деректерді қамтитын инфрақұрылым нысандары туралы мәліметтерді қалыптастыруға бағытталған. Мұндай нысандарды құрудың үздік әлемдік практикаларын зерттеу және тәжірибе алмасу бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу көзделеді.

ЕАЭО-да осы құжаттың іске асырылуы инфрақұрылым нысандарын жасау тиімділігін арттыруға, олардың жұмыс істеуін мемлекеттік қолдау тетіктерін теңестіруге мүмкіндік береді, инвесторлар үшін тартымды орта жасауға ықпал етеді. 




Яндекс.Метрика