Өңірлер

Алматы полициясына газбен жүретін 118 отандық көліктің кілті тапсырылды

Универсиада-2017 қарсаңында газбен жүретін отандық авто көлік алынды, олардың 107-сі жеңіл авто, 5 автобус және 6 арнайы техника бірлігі, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы 29 Желтоксан, 08:51

Қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамдар көп жиналатын орындарға, яғни саябақтарға, скверлер мен алаңдарға видеокамер лар орнату бағдарламасы келер жылы қолға алынып, ІІД жедел басқару орталығы модернизацияланады. Бүгінгі күні қалада «Қауіпсіз қала», «Қауіпсіз аула» жобалары аясында қазірдің өзінде 66 мың камера орнатылған.

Атап өтерлік жайт, өткен жылмен салыстырғанда құқық қорғау органдарын материалдық-техникалық жағынан жабдықтау 2 есе өскен. Өткен жылы 97қызметтік автомобиль бірлігі алынса, ал биыл Универсиадаға дайындық аясы барысында қала бюджеті есебінен газбен жүретін орта сыныпты 118 автомобиль мен автобус алынды, ал 2017 жылы газбен жабдықталған тағы да қосымша 250 автокөлік бірлігін алу жоспарланған. Осының арқасында қаланың ІІД-нің автопаркі қажетті техникамен толық қамтамасыз етіледі.

 





Яндекс.Метрика