Парламент

Д. Назарбаева халықаралық олимпиадалар жеңімпаздарымен кездесті (ФОТО)

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары - халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 28 Желтоксан, 15:49

Сенаттағы кездесуге Алматы мен Астана лицейлері тобының құрамында Ресейде өткен бағдарламалау жөніндегі олимпиадада топтық есепте 1 орын алған оқушылар Санжар Бидайбек, Асқат Жалғасов және Нұрбақыт Мәдибек келді.

Астана қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің оқушысы Санжар Бидайбек халықаралық SAT Subject Test сынағында да математика мен физикадан ең жоғары балл алып, ерекше нәтиже көрсеткен болатын. Д. Назарбаева тамаша табыстарға қол жеткізген оқушыларға білім алу саласында одан әрі жетістіктерге жете беруге тілектестігін білдірді.

Сенатор ерекше қабілетті балаларға мемлекет жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтіп, Парламенттің қызметі туралы айтып берді. Жасөспірім меймандар Сенат ғимаратын аралап көру мүмкіндігіне ие болды.

 

 

 

 





Яндекс.Метрика