Инвестициялар

Қазақстан 2016 жылғы 9 ай ішінде 14,5 млрд долларға инвестиция тартқан

ҚР Ұлттық банкінің алдын ала деректері бойынша Қазақстан 2016 жылғы 9 ай ішінде 14,5 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) тартқан. Бұл жөнінде «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Борисбий Жангуразов ОКҚ-да өткен дәріс барысында хабарлады.
Астана қаласы28 Желтоксан , 15:21

«2016 жыл ТШИ тарту тұрғысында айтарлықтай жақсы жыл болды. Егер осы қарқын одан әрі жалғасын тапса, біз едәуір жоғары көрсеткішке қол жеткіземіз, яғни ауыр 2014-2015 жылдардан кейін ТШИ ағымы қалпына келуде», - деді Б. Жангуразов.

Ол ТШИ тарту – бұл кез келген ел экономикасындағы маңызды аспект екенін, себебі шетелдік инвестициялармен бірге құзырет, капитал және экспорттық мүмкіндіктер де пайда болатынын атап өтті.

«Біз орта есеппен 10 млрд долларға жуық таза ТШИ тартамыз. Инвестициялар үш компоненттен тұрады: жарғылық капиталға салым, қайта инвестициялау, корпоративтік қарыздар ішінде тарту», - деп ақпараттандырды Б. Жангуразов.

Оның деректері бойынша, ЮНКТАД БҰҰ сауда және даму жөніндегі конференциясына сәйкес, 2015 жылы ТШИ жаһандық ағымдары 1,8 трлн долларға дейін, шамамен 40%-ға өскен – 2008 жылы болған жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс басталғаннан бергі ең жоғары деңгей.

«Қазақстанға ең көп инвестициялайтын: Нидерланды - 65 млрд долл, екінші орында АҚШ - 23 млрд долл, Франция - 13 млрд долл. Сондай-ақ ірі инвесторлар: Ресей, Жапония, Швейцария, Ұлыбритания, Қытай, Гонконг болып табылады», -  деп қосты компания төрағасы.

ЮНКТАД деректеріне сәйкес, ҚР-ға ТШИ-дің жиынтық ағымы 23 жыл ішінде (1992-2015 жж) 129,6 млрд долларды құрағанын атап өту қажет. Соңғы 5 жыл ішінде (2011-2015 жж.) ҚР-ға таза инвестициялар ағымы 50,1 млрд долларды құраған. 

Қайрат Жандыбаев

 




Яндекс.Метрика