Парламент

Парламент Мәжілісі 2016 жылы 51 заң жобасын мақұлдады

ҚР Парламенті Мәжілісінің осы шақырылымында 81 заң жобасы жұмысқа қабылданды, оның 51 мақұлданып, Сенатқа бағытталды, деді Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Палата отырысында.
Астана қаласы28 Желтоксан , 14:57

«Мәжіліс  жұмысының басынан бері  81 заң жобасы қабылданды, оның  51 мақұлданып, Сенатқа бағытталды. 9 заң жобасын депутаттар өздері әзірледі. Бесінші шақырылымда  7 заң жобасы әзірленген болатын», - деді Нұрлан Нығматулин.

Спикер айтып өткендей, Парламент қабылдаған заңдардың 32-сіне Елбасы қол қойды, қазір олар өз күшіне енді.

Ол айтып өткендей, заңнамалық жұмыс  жаңа формат бойынша жүзеге асырылады. Мәжілістегі заң жобаларын  қарау  Парламентке кірмей қалған  БАҚ-тың,  үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық-саяси ұйымдардың, партиялардың, қатысуымен  ашық түрде өтеді. Нұрлан Нығматулин  әріптестерін тыңғылықты жұмыс үшін алғыс айтты.




Яндекс.Метрика