Халықаралық интеграция

Қазпочта ДПО мүше-елдерге арналған халықаралық аударымды іске қосты

«Қазпочта» АҚ «SALEM, TENGE» (Card2Card / Card2Cash) қызметі Дүниежүзілік пошта одағының халықаралық ақша аударымдарымен толыққаны туралы хабарлайды.
Казахстан28 Желтоксан , 12:31

Компанияның баспасөз қызметі  хабарлағандай, енді сіз Дүниежүзілік пошта одағына мүше-елдердің кез келген пошта бөлімшесінде қолма-қол ақшамен алу мүмкіндігі бар аударымды VISA / MasterCard төлем карталарынан лезде жібере аласыз.  

Бүгінгі күні 9 елге ақша аударымын жіберуге болады: Ресей, Беларусь, Қырғызстан,  Литва,  Өзбекстан, Украина, Молдова,  Армения, Әзірбайжан.

ҚР бойынша аударым комиссиясы 1,5% (ең кемі 200 теңге) құрайды.Халықаралық аударым комиссиясы 3,8% (ең кемі 500 теңге) құрайды.

 




Яндекс.Метрика