Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

1 бюджеттік теңге экспорттық келісімшарттар түрінде 59 теңге әкеледі

1 бюджеттік теңге экспорттық келісімшарттар түрінде 59 теңге әкеледі. Бұл туралы ОКҚ баспасөз конференциясы барысында «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агентті» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Мейржан Майкенов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан28 Желтоксан , 11:09

«Бұл біздің негізгі экспорттық баптарымызға – энергия тасымалдағыштарға бағаның құлдырауымен түсіндіріледі. Өкінішке орай, біздің экономика мұнай, газ және басқа шикізаттық тауарларға халықаралық баға белгіленуіне тәуелді. Бұл жағдайда, егер 2015 жылмен салыстыратын болсақ, біз экономиканың қалпына келу барысын байқаймыз», - деді М.Майкенов.

Оның сөзінше, өңделген тауар үлестерінің 24%-дан 35%-ға дейін 10, 7 пайыздық тармаққа ұлғаюын оң фактор деп бағалауға болады. Арақатынас 65,3%-ға (22,8 млрд. АҚШ доллары - шикізаттық) 34,7% (12,1 млрд. АҚШ доллары - өңделген).

«Экспорттық тауарлардың номенклатурасы 969 позицияға дейін ұлғайды, мысалы, 2008 жылы біз 880-ге жуық тауар позицияларын экспорттадық. Еліміздің экспорт географиясы да кеңейіп келеді, қазіргі таңда Қазақстан әлемнің 117 еліне экспорттайды. Елеулі дәрежеде бұған индустрияландыру бағдарламасының шеңберінде жаңа өндірістерді іске қосуға, сондай-ақ мемлекет тарапынан отандық өндірушілерге экспорттық қолдау аспаптарымен кеңінен қамтуға ықпал етті. Нәтиже ретінде біз 2016 жылдың қорытындысы бойынша дайын тауарлардың экспорты 14%-ға артады деп болжап отырмыз (2,7 млрд. АҚШ доллары)», - деп атап өттәі Мейржан Майкенов.

Қайрат Жандыбаев 




Яндекс.Метрика