Ұлттың денсаулығы

БҚО-да 2016 жылы мамандандырылған медициналық көмектің 100-ден астам түрі енгізілген

Батыс Қазақстан облысында 2016 жылы әр түрлі бағыттар бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің 100-ден астам түрі енгізілген, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Батыс Қазақстан28 Желтоксан , 11:42

Осы кезең ішінде 102 медицина нысаны салынған, травматология, кардиохирургия, офтальмология, нейрохирургия, онкология, гинекология және балалар хирургиясы бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің 100-ден астам түрі енгізілген. Көлік және қашықтықтағы медицина енгізіліп, одан әрі дамып келе жатыр. Жылжымалы мобильді кешендер жұмыс істейді, олардың көмегімен жыл сайын облыстың 200 елді мекенінің 35 мыңнан астам тұрғыны білікті және мамандандырылған медициналық көмек алады.

9 телемедициналық орталық базасында жоғары білікті мамандар қиын қолжетімді елді мекендердегі пациенттер үшін жыл сайын 1500-ден астам қашықтықтан консультация өткізеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары мен халықаралық стандарттар енгізілді: тиімді перинаталдық технологиялар, ана мен баланың бірге болуы, әріптестік босану, жүктілік кезіндегі перенаталдық скрининг.

Облыс бойынша тәуелсіздік жылдары ішінде бала туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы 7 жылға ұзарып, 1991 жылғы 64,8-ге қарсы 71,7 жасты құрағанын атап өту қажет. 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторы 2020 жылға қарай күтілетін өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін жеткізу болып табылады. Заманауи диагностика әдістерін қолданудың және ұрық патологиясын ерте кезеңде анықтаудың арқасында нәресте өлімі көрсеткіші 3,5 есе төмендеді, сондай-ақ ана өлімі көрсеткіші де 77,1% төмендеді.

Бұдан бөлек, туберкулез, онкология сияқты әлеуметтік маңызды аурулармен ауыру және одан болған өлім көрсеткіші де төмендеді. Медицина қызметкерлерінің бірлескен еңбегі облыс медицинасын дамыту үшін сенімді негіз жасап, оны нығайтуға мүмкіндік берді. Жоғары технологиялар, жеделдік, диагностикадағы дербестік – біздің негізгі ұлттық басымдығымыз.  




Яндекс.Метрика