Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Астана өнеркәсіп кәсіпорындары өнімінің өсімі 2,1 пайызды құрады

2016 жылдың 11 айында елорданың өнеркәсіп кәсіпорындары 368,2 млрд теңгенің өнімін шығарды, өсім көлемі 2,1%. Қала экономикасына 712,9 млрд теңге инвестицияланды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,5%-ға жоғары. Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Айжан Түгелбаева қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында осындай мәліметтер келтірді.
Нұр-Сұлтан28 Желтоксан , 09:36

Өңірлік жалпы өнімнің көлемі бойынша Астана республикада Атырау облысынан кейінгі екінші орында тұр. Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, ол 2 148,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегіден 2,9%-ға көп.

А. Түгелбаеваның айтуынша, биылғы жылдың қаңтар-қараша айларында елордада 17,3 мың жаңа жұмыс орны құрылған. Бұл 2016 жылдың ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейін 4,6%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары жекелеген әлеуметтік-экономикалық индикаторлар бойынша жоспарлық көрсеткіштер ағымдағы жағдайды талдау нәтижелерін ескере отырып өзгертілгенін атап көрсетті.

 




Яндекс.Метрика