Адами капитал

Қазақстанда 200 үздік ЖОО ұстазы анықталды

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссия отырысы өтті, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Желтоксан , 19:36

Еліміздің 58 жоғары оқу орнынан 200 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері болды.Конкурсқа республикамыздың 84 жоғары оқу орындарынан 444 үміткер қатысты.

Атақ бір адамға келесі он жыл ішінде бір реттен артық берілмейтіндігін ескере отырып, Конкурсқа 2006-2015 жылдардағы атақ иегерлері қатыспады.

Үміткерлердің 35%-ның ғылыми-педагогикалық өтілі 15 жылдан аспайтын оқытушыларды құрады. Бұл жас мамандарды кеңінен тартуға мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, осы жылы оқытушылардың қызметі өзектендірілген үміткерлердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды. Соның ішінде, оқулықтарды, монографияларды, оқу құралдарын ағылшын тілінде әзірлеу, қатысу және басып шығару; кәсіби қызметі бойынша шет тіліндегі жаппай ашық онлайн курстардың платформасы базасында курстан табысты өткені туралы сертификаттың бар болуы және т.б.

Сондай-ақ, алғашқы рет үміткерлердің барлық жоспарланған жұмыс түрлерінің орындау мониторингін қарастыратын жұмыстарының жылдық жоспар-кестесі бағаланды.

Бұл грант жоғары оқу орындарының оқытушыларына әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын және біліктілікті арттыру мақсатында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

 




Яндекс.Метрика