Инвестициялар

Кореялық бизнес Алматыға инвестициялауға дайын – әкімдік

Алматының әкімдігінде халықаралық ынтымақтастық аясында Ансан қалалық кеңес мүшесі Джон Хо Джеонның басшылығымен кореялық бизнес-делегациямен кездесу өтті.
Алматы қаласы27 Желтоксан , 19:17

Қонақтар Қазақстан мен Оңтүстік Корея азия өңіріндегі жетекші мемлекеттер болып табылатынын атап өтті, осыған орай, елдер бизнес-әріптестікті белсенді дамытуда.

2016 жылғы қаңтар-қазан аралығында Алматы қаласы мен Корея аралығындағы тауар айналымы 110 млн АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт – 1 млн доллар, импорт – 109 млн доллар. Бүгінгі күні Алматыда 185 бірлескен және 493 кореялық кәсіпорын тіркелген.

Қала әкімдігінде кездесу барысында Джон Хо Джеон Алматының инвестициялық тартымды қала ретінде үлкен әлеуетін атап өткені хабарланды.

Кореялық тарап Алматы қаласында инвестициялық тартымдылықты жалғастыруға ынталы.




Яндекс.Метрика