Инфрақұрылымның дамуы

Шымкентте жалпы ауданы 1,9 гектарды құрайтын аквапарк салынады

Шымкентте күрделі жөндеуден өткен «Shymkent Grand Hotel» қонақ үйінің салтанатты ашылу рәсімі болды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Южно-Казахстанская область27 Желтоксан , 19:58

Іс-шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.

1965 жылы ашылған бұл қонақ үйде әр түрлі деңгейдегі 121 бөлме бар. Сонымен қатар, замануи техникамен жабдықталған 3 конференция залы, тренажер залы, 2 ресторан, әсемдік салоны бар. Қайта құру жұмыстарынан кейін ғимарат сырты нано-технологиялық материалдармен қапталған. Бұл қыста жылуды, жазда салқындықты сақтап, электроэнергиясын үнемдейді. 

Онан соң, облыс, қала басшыларының қатысуымен «Saukele» заманауи конференц-залының салтанатты ашылуы болды. «Saukele» көпфункционалды Ballroomы Республика даңғылы бойынша орналасқан.

Сыйымдылығы 700 адамды құрайды. Бұл нысан жұмысының басты бағыты – конференциялар, жергілікті және халықаралық деңгейдегі инновациялық көрмелер өткізу және презентациялар жасау. Ауданы 1800 шаршы метрді құрайтын конференция залы толықтай жекенің меншігіне жатады. Мүнда «KEBET» заманауи конференция жүйесі мен «Dynacord Cobra-2» музыкалық жүйесі сынды заманауи аудио-видео жабдықтар қойылған. Осы нысанның ашылуымен 50 адамға дейін жұмыспен қамтамасыз етіледі. 

Сонымен қатар облыс, қала басшылары «Фонтан» жаңа аквопаркінің капсуласын салу рәсіміне қатысты. 2017 жылы құрылысы басталатын аквапарктың жалпы ауданы 1,9 гектарды құрайды. Мұнда жалпы ауданы 2 мың шаршы метр болатын 3 бассейн салынады. 

 




Яндекс.Метрика