Парламент

Сенат Комитетінде Қазақстан мен Словения инвестициялары үшін қолайлы жағдай жасау туралы құжаты қаралды

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенат.
Астана қаласы27 Желтоксан , 17:54

Бұл Конвенция және оған Хаттама 2016 жылғы 10 наурызда Астанада жасалған болатын. Осы Конвенцияның мақсаты инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы Қазақстан Республикасы мен Словения Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту болып табылады.

Конвенция екіжақты халықаралық шарт болып табылады және қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында жасалған. Уағдаласушы мемлекеттердің әрқайсысы салық төлеушіге бір рет бірінде ғана салық төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Екінші мемлекет төленген салық сомасын есепке алады немесе салық салынатын жиынтық табыстан екінші мемлекетте салық салынған табыстың бөлігі шегеріледі. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

 




Яндекс.Метрика