Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстанда 2017 жылы мемлекеттік сот орындаушыларының саны 30%-ға қысқартылады

Қазақстанда 2017 жылы мемлекеттік сот орындаушыларының саны 30%-ға қысқартылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында "Жеке сот орындаушылар институты және оның Ұлт жоспарының 27 қадамын іске асыру аясында дамуы» тақырыбында ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаменті директорының міндетін атқарушы Ернар Ибраев мәлімдеді.
Астана қаласы27 Желтоксан , 17:14

Айталық, 2015 жылдың 29 қазанда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның шеңберінде Атқарушылық іс жүргізу  туралы Заңға сот актілерін орындаудың жеке жүйесіне толығымен өтуді көздейтін түзетулер   енгізілді.

«2016 жылдың қаңтарынан бастап жеке сот орындаушылардың құзіретіне мемлекеттен өндіру, мемлекет мүддесіне жүргізілетін үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қою, мемлекет мүддесіне   1000 АЕК (2 млн. жуық 120 мың) өндіру туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда құжаттардың барлық санаттарын орындау берілді», - деді Е.Ибраев.

Қазіргі таңда жеке сот орындаушыларының саны 1348 тұлғаны құрайды, өз кезегінде 2015 жылы олардың саны 996 болған, барлығы жеке сот орындаушылардың көмекшілерін қосқанда жеке сот орындауы аясындағы жұмысқа 4 мыңға жуық адам жұмылдырылған.

Ағымдағы жылда жеке сот орындаушыларының өндірісінде 2 млн. жуық атқару өндірісі болды, бұл мемлекеттік сот орындаушылардың (711 мың құжат) орындауындағыдан 1,2 млн.ға жуық артық.

Жоғарыда аталған тапсырманы жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың соңында мемлекеттік сот орындаушылары 30%-ға қысқартылды (374 бірлік).

Сонымен қатар,  2017 жылы олардың 30%-ын қысқарту жоспарланып отыр  (374 дана), 2018 жылы - 15 % (187 дана). Нәтижесінде 518 мемлекеттік сот орындаушылары қалады.

Алдын ала есептер бойынша жыл сайын шамамен 550 млн. теңге қаражат құны үнемделіп, шамамен 250 млн. теңге әлеуметтік маңызды санаттары бойынша жеке сот орындаушыларын қаржыландыруға бағытталатын болады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеке сот орындаушылар институтының берік негізі құрылып, тек жеке орындауға өту мүмкіндігі туындайды.




Яндекс.Метрика