Өңірлер

Алматыда 28 мың абонент үшін 167 км су құбыры салынады

2017 жылы Алматыда 28 мың абонентке арналған 167 км су құбыры салынады. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының XII сессиясында белгілі болды.
Алматы қаласы27 Желтоксан , 18:12

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі  Мақсат Кикимов  айтқандай, бюджет әлеуметтік бейімгершілігін сақтап қалды, әлеуметтік салаға барлық шығынның үштен бір бөлігі бағытталады.

«Қазіргі заманға сай мегаполис көрсеткіштерінің бірі  инженерлік инфрақұрылымды дамыту,  энергетика мен коммуналдық шаруашылыққа  43,3 млрд теңге инвестиция құю қарастырылған, бұл өткен жылғымен салыстырғанда  16 пайызға жоғары. Бұл шығынның төрттен бірі  қосылған шекаралардағы жүйені  дамытуға бағытталады», - деді М.Кикимов.

Бөлінген қаражат бойынша  167 км салу жоспарланған, оның ішінде  116 км – су құбыры, 51 км – кәріз жүйесі.  Ол Алатау ауданының 28 мың абонентін қамтамасыз етеді.




Яндекс.Метрика