Парламент

Сенат комитеті «Жайылымдар туралы» заң жобасын қарады

Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Жайылымдар туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 27 Желтоксан, 16:57

Заң жобасы жайылымдарды ұтымды пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Құжаттың ережелері жергілікті тұрғындардың малын жаюға арналған жайылымдар жөніндегі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, ондағы инфрақұрылым нысандарының жағдайын жақсартуға, жайылымдық жерлерді тоздырмауға байланысты шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

Отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Бұл заң жобасы заңнаманы «Жайылымдар туралы» заң жобасының ережелерімен сәйкестендіруді көздейді.

Жобаға сәйкес Жер, Орман, Су кодекстеріне, сондай-ақ «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» заңдарға өзгерістер енгізіледі.

Атап айтқанда, орман, су қорларының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлеріне шөп шабу мен мал бағу ұғымдарын реттейтін қолданыстағы заңдардың ережелері одан әрі жетілдірілетін болады. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнамаға енгізілетін өзгерістер ішінде жайылымдарды басқару және пайдалану мәселелерін талқылау мен шешім қабылдауға азаматтарды тарту туралы мәселелер қамтылған. Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.

 





Яндекс.Метрика