Ұлттың денсаулығы

Алматыда 2017 жылы 500 келушіге арналған емхана ашылмақ

Алматы қаласының Наурызбай ауданында 500 келушіге арналған емхана және Алатау ауданында патологоанатомиялық бюро ашылады, бұл жөнінде 2017-2019 жылдарға арналған бюджетті қарау аясында Алматы қаласының VI шақырылым мәслихатының XII сессиясы барысында белгілі болды.
Алматы қаласы27 Желтоксан , 20:19

«2017 жылғы бюджет «Алматы-2020» даму бағдарламасының басымдықтары аясында қалыптастырылған. Жалпы, бюджет әлеуметтік бағдарлануын сақтай отырып, 457,5 млрд теңгені құрайды. Денсаулық сақтау саласында өлім бойынша алдыңғы орын алатын ауруларға ерекше көңіл бөлінетін болады. Біз күрделі талдау жүргіздік. Жалпы халыққа теріс әсер ететін аурулардың жекелеген түрлері бойынша серпін жасау қажет. Сондықтан, онкологиялық диспансер мен психикалық денсаулық орталығының қуаттылықтары ұлғайтылады. Сондай-ақ Наурызбай ауданында 500 келушіге арналған емхананың және Алатау ауданында патологоанатомиялық бюроның құрылысы басталады. Бұдан бөлек, тоғыз нысанды сейсмокүшейту үшін қаражат 2,5 есе артық бөлінді», - деп атап өтті Алматы қаласының әкімі Б. Байбек жиын барысында.

Бұдан бөлек, сауығу кезеңіндегі, амбулаториялық ем алып жатқан туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік көмек төлеуге жергілікті бюджеттен 51 миллион 484 мың теңге бөлінбек. Төлем сомасы айына 7 АЕК тең - есепте тұрған 270 адам үшін 51 мың 484 теңге.

Биылғы жылы медициналық мекемелерді заманауи медициналық жабдықпен жарақтандыру ұлғайтылған: 32 жедел жәрдем көлігі мен 8 реанимобиль сатып алынған.  




Яндекс.Метрика